$518.14 €537.57 ₽5.27
×

Павлодарда Ертістің жағасында серуендеген бала жарақат алды

AstanaTV
01.02.2025ж. 20:19
62
Павлодарда Ертістің жағасында серуендеген бала жарақат алды

Құтқарушылар бейнебақылау камераларына мониторинг жүргізу барысында балаларды көріп қалған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, Ертіс өзенінің орталық жағалауында мұз жиегімен серуендеп жүрген үш жасөспірімді көрген. Балалардың біреуінің аяғы мұздағы бос қуыс жерге түсіп кетіп, жарақат алған.

– Құтқарушылар жедел түрде оқиға орнына келіп, үшеуін де тексеру үшін құтқару станциясына жеткізді. 2012-2013 жылдары туған жасөспірімдер болған. Зардап шегушінің аяғын құтқарушылар қарап, тексеру үшін жедел жәрдем бригадасына тапсырылды, – деді департаментте.

Құтқарушылар қатпаған мұзға шығу қаупі туралы ескертеді. Ата-аналарға балалармен су қоймаларына жақын жерде қауіпсіздік ережелерін түсіндіре отырып, профилактикалық әңгіме жүргізуге кеңес беріледі.