Орал қаласында жеңіл автокөлік жол-көлік оқиғасынан кейін аударылып, бірнеше адам зардап шекті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Мой город» порталына сілтеме жасап.
«Жол апаты Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті маңында болған. Куәгерлердің айтуынша, қара түсті «Приора» көлігі соқтығысқаннан кейін аударылып кеткен. Оқиға орнында куәгерлер көліктің ішінен балаларды шығарып алған», — делінген материалда.
Батыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жол апаты салдарынан 34 жастағы әйел, 5 жастағы ұл бала және 2 жастағы қыз бала зардап шекті. Дәрігерлер оларды тексеріп, алғашқы медициналық көмек көрсетті. Барлығына амбулаторлық ем тағайындалды.
Жол апатының себебі мен мән-жайын анықтау үшін полиция тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.