$518.14 €537.57 ₽5.27
×

Алматыда қонақ үй өртенді

AstanaTV
01.02.2025ж. 23:34
71
Алматыда қонақ үй өртенді

Бүгін 112 пультіне Алматы қаласы Медеу ауданы Бөгенбай батыр көшесінде орналасқан қонақ үйлердің бірінде өрт болып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер қонақ үй қызметкерлері келушілерді сыртқа шығарып үлгергенін анықтады. Барлау жүргізіліп, өрт ошағы табылған соң өрт сөндіру жұмыстары басталды», – делінген ТЖМ хабарламасында.

Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында 8 шаршы метр аумақта тұтанған жалын 16 минут ішінде оқшауланып, толығымен сөндірілді. Өрт орнында келушілер үшін жылыту пункті ұйымдастырылды.