$518.14 €537.57 ₽5.27
×

Жас энергетиктерге үй мен білім алуға субсидиялар беру қарастырылып жатыр

AstanaTV
02.02.2025ж. 00:07
59
Жас энергетиктерге үй мен білім алуға субсидиялар беру қарастырылып жатыр

Еліміздің энергетика саласына мамандар қажет. Жастар энергетикамен байланысты мамандықтарға аса қызықпайды.

Бұл мәселені шешу үшін жас мамандарға үй мен білім алуға субсидиялар немесе жеңілдіктер беру қарастырылып жатыр.

Өзекті мәселе Алматы энергетика және байланыс университетінде талқыланды. Айта кеткен жөн елде энергетиктерді дайындайтын алғашқы жоғару оқу орнына биыл 50 жыл толды. Білім үйінің алғашқы ректоры болған Альберт Болотов атындағы интерактивті мұражай мен дәріс залы ашылды. Қазіргі университет ректоры Ғани Нығметов бұл естелік үшін ғана емес, болашақ энергетик студенттерге жайлы жағдай жасау үшін қолға алынған жоба деп отыр. Университет жарты ғасырда 40 мыңнан астам маман дайындаған.

Ғани Нығметов, Алматы энергетика және байланыс университетінің ректоры: - Энергетика саласының барлық саласына дайындаймыз. Енді түсінікті дәстүрлі біздің саламыз бар. Ол жаңағы көмірмен жұмыс істейтін станциялар. Оларға біз әрдайым мамандар дайындаймыз. Оған қоса жаңа энергетика көздері бар. Сіз білесіз. Күн, жел станциялары ашылып жатыр. Оларға біз мамандарды дайындаймыз. Оған қоса қазір мынау атом станцияларына мамандарды дайындаймыз.

Жақып Хайрушев, «Атамекен» ҰКП Энергетика және ТКШ департаментінің басқарушы директоры: - Біз жасөспірімдерді мектеп жасынан бастап энергетика саласына қызықтыруға бағытталған жобаларды ұсындық. Яғни 13-15 жастағы балалардың жылу энергетикасы мен жалпы энергетика саласына қызығушылығын арттырып, назар аударудамыз.

Бұл туралы 24.kz хабарлайды.

Алдыңғы жаңалық