29 жастағы турист Болгариядағы тау шаңғысы курортында топтық фотосессия кезінде 600 метр биіктен құлап қаза болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі DailyMail-ге сілтеме жасап.
Оқиға сейсенбіде түс ауа Банско қаласында болған. Ер адам пейзаждарды түсіремін деп, тепе-теңдігін жоғалтып, құлап, өлімге әкелген жарақаттар алған.
Ирландиядан келген турист 600 метр биіктен құлап, Болгариядағы тау шаңғысы курортында ауыр жарақатпен табылды. Ол Разлог қаласындағы ауруханаға жеткізілді. Алғашында оны тікұшақпен жеткізу жоспарланған, бірақ техникалық ақауларға байланысты эвакуация тоқтатылған. Оның орнына турист қарда жүретін көлік, кейін жедел жәрдем көлігімен тасымалданғаны айтылды.
Дәрігерлер оның өмірі үшін күресіп, барлық қажетті процедураларды жүргізіп, жағдайын бағалады, бірақ олар барлық күш-жігерін салғанына қарамастан, турист сәрсенбі күні қайтыс болған.
Банско қаласы Пирин тауларының етегінде орналасқан, оның ең биік нүктесі Вихрен шыңы 2914 метрде.
"Біз бұл жағдайдан хабардармыз және консулдық көмек көрсетіп жатыр", - деп мәлімдеді Сыртқы істер министрлігінің өкілі.