$494.84 €537.4 ₽5.58
×

Бір қаланы жойып жіберуге қауқарлы астероид 2032 жылы Жерге соғылуы мүмкін

AstanaTV
02.02.2025ж. 09:02
205
Бір қаланы жойып жіберуге қауқарлы астероид 2032 жылы Жерге соғылуы мүмкін

Қаланы жойып жіберуге қауқарлы 2024 YR4 астероиды 2032 жылы Жерге соғылуы мүмкін. Алайда оның Жерге құлау ықтималды 83-тен 1 немесе 1,2%ғана. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Techinsider басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

NASA ғалымдарының дерегіне сәйкес, аспан денесі қаланы жойып жібере алады. 2024 YR4 астероидын 2024 жылдың 27 желтоқсанында NASA Asteroid Terrestrial-ampact Last Alert жүйесі анықтаған. Егер Жерге соғылса, салдарынан 8 мегатонна энергия бөлінеді, бұл Жапониядағы Хиросима қаласына тасталған атом бомбасының қуатынан 500 есе көп. 

Қазір астероид Жерден алшақтап барады, бірақ 50 жылдың ішінде планетамызға 8 рет жақын келеді екен. Соның ішінде соққы орын алуы мүмкін уақыт 2032 жылдың 22 желтоқсаны. 

NASA алдағы уақытта жиналған деректер әлі де сарапқа салынатынын жеткізді.