Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

БАҚ өкілдеріне берілетін Президент гранты мен сыйлығының биылғы жүлде қоры 9 млн теңгеден асады

AstanaTV
05.06.2017ж. 20:00
3111
БАҚ өкілдеріне берілетін Президент гранты мен сыйлығының биылғы жүлде қоры 9 млн теңгеден асады

БАҚ өкілдеріне берілетін Президент гранты мен сыйлығының биылғы жалпы жүлде қоры 9 млн теңгеден асады. Бүгін Ақордада Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен журналистер арасында Президент гранты мен сыйлығын табыстау туралы қоғамдық комиссияның отырысы өтті. Сөйтіп беделді сыйлыққа кімдердің лайық екендігі қаралды. Елбасының БАҚ өкілдеріне арналған сыйлығы мен гранты алғаш рет 1997 жылы берілді. Содан бері мұндай үрдіс 21-ші рет өткелі отыр. 

Гүлшара Әбдіқалықова, ҚР Мемлекеттік хатшысы:

Ереже бойынша, Президент сыйлығы тек ең үздік 2 журналистке беріледі және Президент гранты 36 жасқа толмаған екі журналистке беріледі. Сонымен қатар, Президенттің атынан бірнеше алғыс хаттар берілетін болады.