$518.14 €537.57 ₽5.27
×

Димаш Құдайбергеннің әні америкалық чарттарда алдыңғы қатарға шықты

AstanaTV
02.02.2025ж. 13:44
70
Димаш Құдайбергеннің әні америкалық чарттарда алдыңғы қатарға шықты

Димаш Құдайбергеннің Smoke әні америкалық iTunes және Amazon чарттарында алдыңғы қатарға шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

2025 жылғы қаңтар айында шетелдік басылымдарда қазақстандық музыкант Димаш Құдайберген туралы бірнеше мақала жарияланды.

"Аргентина, Англия және Американың бұқаралық ақпарат құралдарында ерекше талантты, қарапайым өмірлік ұстанымдары бар, мәдени тұлғалық қасиеттері үйлескен, әлемнің әртүрлі елінде жанкүйерлерінің сүйікті әншісіне айналған қазақстандық өнерпаз туралы бірнеше рет мақалалар жариялаған болатын", - деп жазды әншінің жеке сайты.

Мысалы, америкалық Haute Living басылымының жаңа мақаласында былай жазды:

"Димаш Құдайберген бүкіл әлем бойынша көрермендерді неоклассика, поп-музыка, қазақ фольклоры мен заманауи музыканың бірегей бірігуімен баурап алып, Азияның ең танымал әртістерінің біріне айналып жатыр. Димаштың өнердегі еркіндігі оған қайталанбас және мәңгі есте қаларлық дыбыстық ландшафт жасау үшін дәстүрлі қазақ әуендерін әлемдік музыкамен араластыра отырып, әртүрлі музыкалық стильдерді еркін зерттеп, жаңа өнер жауһарын ойлап табуға мүмкіндік беруде. Димаш үшін музыка – жай ғана көңіл көтеру құралы емес, бұл әлемдік сахнада Қазақстанның бай мәдениетін көрсетуге арналған платформа".

БАҚ әншінің кейінгі туындыларының ішінен 2024 жылғы 26 сәуірде шыққан Smoke композициясына жүгінеді. Туындының композиторы – Димаштың өзі болса, ал мәтін авторлары Кэндис Келли мен Дмитро Гордон.

30 қаңтарда Smoke трегі америкалық чарттарда алдыңғы қатарға шықты. iTunes Top 100 қосымшасында ән 32-орында тұр.

Amazon-дағы Best Sellers in Songs категориясында ән фольклорлық вайбты электрон музыкамен және барлық жағынан жоғары вокалмен үйлестіретін композиция ретінде үздік 10-ға кірді. Ал Best Sellers in Pop категориясында ән бірінші орынға шықты.