$518.14 €537.57 ₽5.27
×

Оралдық сарбаз Ақтауда ант қабылдау кезінде сүйіктісіне ұсыныс жасады

AstanaTV
02.02.2025ж. 14:54
59
Оралдық сарбаз Ақтауда ант қабылдау кезінде сүйіктісіне ұсыныс жасады

ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, 200-ден астам жас жауынгер ант берсе, солардың ішінде Орал қаласының тумасы Артур Сәрсенғалиев үшін бұл күн аса маңызды болды, деп хабарлайды Kazinform.

Ол салтанатты рәсім барысында сүйіктісі, оралдық Гүлназға көпшілік алдында тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады.

Гүлназ еш ойланбастан:

— Иә, — деп жауап берді.

Бұл айрықша оқиға жиналғандардың жүрегіне жылылық ұялатты. 

— Мен үшін бұл күннің мәні ерекше. Әскери ант қабылдау — әр сарбаздың өміріндегі жауапты сәт. Ал осы күні сүйіктіме ұсыныс жасап, оның келісімін алу — мен үшін үлкен бақыт. Гүлназ менің өмірімдегі ең қымбат адам, енді мен тек Отанға ғана емес, оған да адал болуға уәде беремін, — деді Артур толқып тұрып.

Осылайша, қатардағы жауынгер Артур Сәрсенғалиев маңызды шешім қабылдап, сүйіктісімен бірге жаңа өмірге қадам басты.