$518.14 €537.57 ₽5.27
×

Ақтауда төбелескен жасөспірімдердің ата-аналары жауапқа тартылды

AstanaTV
02.02.2025ж. 16:28
84
Ақтауда төбелескен жасөспірімдердің ата-аналары жауапқа тартылды

Ақтауда 3-шағын аудандағы №57 үй маңындағы жанжалға қатысқан кәмелетке толмаған балалардың ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Ақтау қалалық ІІБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Лифтте тұрғындарға тапанша кезенген Астана тұрғыны 15 тәулікке қамалды

Желіде екі жасөспірімнің төбелескені түсірілген видео пайда болды.

Оқиға 2025 жылдың 31 қаңтарында 3-шағын аудандағы №57 үйдің жанында болған. Екі жасөспірім тапа-тал түсте өтіп бара жатқан адамдардың көзінше төбелескен.

Полиция қызметкерлері жасөспірімдерді анықтап, ата-аналарын жауапкершілікке тартты.

«Ақтау қалалық полиция басқармасының қызметкерлері жасөспірімдердің жеке басын анықтап, олардың ата-аналарына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы (Тәрбие және (немесе) білім беру, құқықтарды және (немесе) мүдделерді қорғау, кәмелетке толмаған адамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын орындамау) бойынша хаттама толтырды. Сонымен қатар оқиғаны ұялы телефонға түсіріп алған жасөспірімнің ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - делінген хабарламада.

Полицейлер кәмелетке толмағандармен профилактикалық жұмыстардың маңыздылығына тоқталып, ата-аналарды балаларының тәртібін мұқият қадағалауға шақырды.