2025 жылдың наурыз айында қазақстандықтар 14 күн демалады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл айда екі бірдей айтулы мерекелер тойланады: 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні және Наурыз мейрамы. "ҚР мерекелер туралы" Заңының 3-бабына сәйкес, 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні және Наурыз мейрамы - мемлекеттік мерекелер. Ал аталған заңның 5-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасында мемлекеттік мереке тойланатын күндер демалыс күндері болып саналады.
Халықаралық әйелдер күнінде бес күндік жұмыс аптасында қазақстандықтар үш күн – 8, 9 және 10 наурызда демалады. Ал алты күндік жұмыс аптасында 8 және 9 наурыз - демалыс күндері, ал 10 наурыз жұмыс күні болып саналады. Биыл Наурыз мейрамы 21-23 наурыз аралығында тойланады, бірақ 22 наурыз сенбіге, 23 наурыз жексенбіге сәйкес келетіндіктен, демалыс күндері дүйсенбі мен сейсенбіге қосылып, қазақстандықтар Наурыз мейрамында бірден бес күн - 21, 22, 23, 24 және 25 наурыз күндері демалады.
Алты күндік жұмыс аптасымен істейтіндер үшін сейсенбі, яғни 25 наурыз - жұмыс күні, ал 21, 22, 23 және 24 наурыз - демалыс күндері болады.