$518.14 €537.57 ₽5.27
×

Қазақстанның екі өңірінде ауа райына байланысты жолдар жабылды

AstanaTV
02.02.2025ж. 22:27
66
Қазақстанның екі өңірінде ауа райына байланысты жолдар жабылды

2025 жылғы 2 ақпан сағат 15:30-да ауа райының бұзылуына байланысты елдің екі өңірінде республикалық автожолдарда көлік қозғалысы шектелді, - деп хабарлайдыі "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының баспасөз қызметі.

Көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды:     

Абай облысы:     

Алматы - Талдықорған - Өскемен - Шемонаиха - РФ автожолының 971-1013-шақырым аралығы (Қалбатау ауылы - Шығыс Қазақстан облысы шекарасы); 

 Шығыс Қазақстан облысы:  

 Алматы - Талдықорған - Өскемен - Шемонаиха - РФ автожолының 1013-104-шақырым аралығы (Абай облысы шекарасы - Ұлан ауылы);    

Жолдарды 2025 жылғы 3 ақпан сағат 06:00-де ашу жоспарланған. 

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.