$518.14 €537.57 ₽5.27
×

Астанада өзге адамның банк картасын пайдаланып жүрген тұрғын ұсталды

AstanaTV
03.02.2025ж. 07:39
41
Астанада өзге адамның банк картасын пайдаланып жүрген тұрғын ұсталды

59 жастағы Астана тұрғыны мобильді қосымшадан әртүрлі дүкендерден сатып алулар туралы хабарламалар алып, ақшасының ұрланғанын байқап, полицияға арызданған. Әйел адам бір күн бұрын банк картасын жоғалтып алғанын айтқан, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жедел іздестіру шаралары барысында Сарыарқа аудандық криминалдық полиция қызметкерлері 47 жастағы Астана тұрғынын күдікпен ұстады. Күдіктінің айтуынша, ол банк картасын үйдің ауласынан тауып алған. Карта иесін іздемей, ол ақшаны жұмсауды шешкен: екі күн бойы жергілікті дүкендерден азық-түлік сатып алған. Материалдық шығын 50 мың теңгені құраған.

Қазір бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, ал күдікті өз кінәсін мойындады. Полиция қызметкерлері елорда тұрғындарын мұқият болуға шақырады және өз мүлкін сақтауда сақтық танытуға кеңес береді.