Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Корея ЕХРО көрмесінде сумен жүретін көлік түрін таныстырмақ

AstanaTV
05.06.2017ж. 20:00
2970
Корея ЕХРО көрмесінде сумен жүретін көлік түрін таныстырмақ

Оңтүстік Корея ЕХРО көрмесінде сумен жүретін автокөлік түрін таныстырмақ. Хюндай компаниясының өнімі қазақстандықтарға ұнайды деген сенімдеміз, - дейді Корея павильоны басшысының орынбасары Ким Джунг-Хун Жалпы алғанда, тек Корей павильонына 500 мыңға жуық қонақ келеді деген жоспар бар. Салтанатты ашылуы маусымның 11-і күні сағат 10-ға белгіленген.  Жалпы ауданы 1804 шаршы метрді құраған Корея павильоны Германия, Жапония сынды алпауыт елдермен иық тіресе алады. 

Ким Джунг-Хун, Корея павильоны басшысының орынбасары:

Корея павильонының тақырыбы «ақылды өмір» деп аталады. Өз алаңымызға энергия төңірегінде жасақталған ең заманауи технологияның барлығын әкелеміз. Онда күн энергиясын өндіру, оны сақтау сынды тың технология жемістері көрсетіледі.