$518.14 €537.57 ₽5.27
×

ШҚО-да жантүршігерлік жол апатынан бірнеше адам қаза болды

AstanaTV
03.02.2025ж. 11:48
93
ШҚО-да жантүршігерлік жол апатынан бірнеше адам қаза болды

Қайғылы оқиға ШҚО Күршім-Қалжыр тасжолында болды. Екі көліктің соқтығысуынан бірнеше адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жол-көлік оқиғасы 1 ақпан күні түстен кейін Күршім ауылынан 60 шақырым жерде болды. ПД мәліметінше, Lada Granta мен Hyundai Santa Fe соқтығысқан.

«Апат салдарынан Lada Granta жүргізушісі мен үш жолаушы сол жерде қайтыс болды. Hyundai Santa Fe жүргізушісі мен үш жолаушысы медициналық мекемеге жеткізілді», - деп хабарлады ШҚО ПД.

Полиция жол апаты бойынша қылмыстық іс жүргізуде. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.