$518.14 €537.57 ₽5.27
×

СҚО-да көлік жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып өлтірді

AstanaTV
03.02.2025ж. 13:23
89
СҚО-да көлік жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып өлтірді

Солтүстік Қазақстан облысында Volkswagen Passat жүргізушісі көлік жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кеткен, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Qazaqstan Media жазуынша, қайғылы оқиға 1 ақпанда Тайынша ауданындағы Драгомировка және Обуховка ауылдарының арасында, Астана-Петропавл тасжолында болған.

Белгілі болғандай, 60 жастағы қария Астанаға қарай келе жатқан.

"Жүргізуші Петропавл қаласының 43 жастағы тұрғынын қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды", - деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Еске салайық, дәл сол күні Петропавлда болған жол апаты салдарынан екі адам зардап шеккен. Олардың бірі ауруханаға жатқызылды.