Ұлыбританияның GiveMeSport порталы футболда ең көп жалақы алатын шабуылшылар рейтингін жариялады, - деп хабарлайды massaget.kz.
Рейтинг көшін "Әл-Наср" командасында ойнайтын португалдық футболшы Криштиану Роналду бастап тұр. Ол Сауд Арабиясы командасында аптасына 3 231 230 фунт стерлинг алады екен. Теңгемен есептегенде 2 085 177 343 теңге табыс табады.
Тізімде екінші орынға Карим Бензема жайғасқан. Оның бір аптадағы еңбекақысы 1 607 211 фунт стерлингті (1 037 165 402 теңге) құрайды.
Үштікті Роберт Левандовский түйіндеп тұр. Ол аптасына 538 484 фунт стерлинг (347 494 494 теңге) алады.