Қонаев қаласында 9-сынып оқушылары қатарласын топтаса ұрып-соғып, өлімше етіп сабап тастаған. Ауыр соққы алған жасөспірім жансақтау бөліміне түскен. Жәбірленуші қазір ауруханада ем алып жатыр. Оқушыға психологиялық көмек көрсетілуде. Аталған дерек бойынша Білім бөлімі тарапынан арнайы комиссия құрылған.
МЕРУЕРТ МОРЯКОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайларын толық және жан-жақты зерттеу үшін барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Аталған жұмыстардың нәтижесі бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданатын болады.