Енді мал ұрлағандар 12 жылға дейін сотталуы мүмкін. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев мәлімдеді. Сондай-ақ, қайталанған ұрлықтар мен тұрғынжайға заңсыз кіру арқылы жасалған қылмыстар үшін жаза күшейтіледі. Бұл оларды ауыр қылмыстар санатына жатқызуға мүмкіндік береді және мал ұрыларының жәбірленушімен татуласу арқылы жауапкершіліктен құтылуына жол бермейді.
ШЫҢҒЫС ӘЛЕКЕШОВ, ҚР ІІМ РЕСМИ ӨКІЛІ:
Алдын алудың тиімді әдістерінің бірі ол әрине жедел профилактикалық шараларын тұрақты жүргізу. Оларға полиция қызметкерлері, ветеринариялық бақылау мамандары және жергілікті атқарушы орган өкілдері қатысады.