$521.6 €534.27 ₽5.25
×

Биыл 85 млн жұмыс орны жойылады: жұмыссыз қалатындар кім?

03.02.2025ж. 20:00
110
Биыл 85 млн жұмыс орны жойылады: жұмыссыз қалатындар кім?

Сіз де, мен де жұмыссыз қалуымыз мүмкін. Биыл 85 млн жұмыс орны жойылады. Бір мекеменің өзінде, кемінде, 100 тұрғын еңбек етеді десек, тірлік таппай тентірейтіндердің санын есептей беріңіз. Бұл құрғақ статистика емес. Ғалымдардың пайымы - осы. Онсызда тиыннан теңге құрап, айлықтан айылыққа әзер жететін халық енді не істейді? Қандай мамандық нарықтан кетіп, қайсысы қалатынын толығырақ әріптесім Аружан Задабек айтсын.

АРУЖАН ЗАДАБЕК, ТІЛШІ:

- Сәлеметсіздер ме! Сіздерге дәл қазір бас прокуратурадан хабарласып тұр. Мүмкін антикордан... Ал, мүмкін Ұлттық қауіпсіздік қызметінен шығармын... Мүмкін полициядан... Бірақ шындығына келгенде....

- Шындығына келгенде мен алаяқпын. Адамдарды әлеу желі арқылы өзіме баурап, арбаймын. Банк картаңыздың номерін айтыңыз мен сізге ақша аударамын.

Қазір бәрі оңай. Дәл осылай біреуді алдай салу сөз емес. Бұрын қиялдан туған ойдың бәрі шындыққа айналды. Бұрыңғыдай қиналып, ойланып-толғанудың қажеті жоқ. Жасанды интелектіні меңгерсең, үйде шалқып жатып-ақ дегеніңді орындата аласың. Сауалың болса көз майыңды тамызып кітап ақтаратын кезең кеткен. Тіпті, интернетті кезіп әуре болмайсың. ChatGPT -мен амандасып, бір кіріп шықсаң болғаны. Барлығын алдыңа тосады. Жастар жағы бұл платформаны жақсы біледі. Тіпті, сырлас құрбы қылғандары жетерлік.

Тек сырыңды ақтарып, ақыл сұраумен шектелмейді. Жасанды интеллект Абай айтпақшы, қиыннан қиыстырады. Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп, теп-тегіс жұмыр мәтін дайындайды. Керек десең, ән шығарады. Ақынға бір хабарласып, композиторға жалынып жүрмейсің. Аранжировка деп әкесінің құнын да сұрамайды. Бұрын мың адам істеген істі енді бір ғана платформа атқарады. Жақында әріптесім осы жүйені қолданып телеарнамыз туралы ән жазған екен. Сіз де тыңдаңыз.

Үйден шықпай-ақ арманың орындалады дегенім бекер емес. Оған жақында әлеуметтік желіде тараған тренд – дәлел. Интернетті игеріп алғандар жаппай осындай фотоларын жариялап жатыр. Бұлардың барлығы арнайы студияға барып әуре болмаған. Платформа теп-тегін фотосессия ұйымдастырып берді.

Бұл – жасанды интеллектінің бір ғана бөлігі. Оның жетер жері, қауқарын түсіндіру үшін терең білім қажет. Қанша жылдан бері білім саласында жүрген Лаура Нұрсұлтан осылай дейді. Еңбек жолын мұғалім ретінде бастаған маман қазір әріптестеріне саланы үйретіп жүр. Өйткені болашақтың осымен байланысты екенін жақсы біледі.

ЛАУРА НҰРСҰЛТАН, ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЕКТ ЭКСПЕРТІ:

Қысқа мерзімді жоспарды, презентацияны арнайы жасанды интеллект копилот, ChatGPT, джемини арқылы жұмысты жеңілдетеді. Бір минутта жұмыстарын жасап береді. Бұрыңғы мұғалімді салыстырған кезде түсінемн сол жоспарды жасайтын, қазір жасанды интеллект пайда болғалы жұмыстары жеңілдейді.

Биыл 85 миллион жұмыс орны жойылады. Бірақ бұл жұмыссыздық өседі дегенді білдірмейді. Оның орнына 97 млн жаңа жұмыс орны құрылады. Енді бізде нейро желілерін әзірлеуші, техникалық қызмет көрсетуші мен жөндеушілерге сұраныс артады. Осы арқылы саланың экономикаға қосар үлесі арта түспек. Осыдан кейін оны қолдау шаралары қарқынды жүре бастады. Президент нақты тапсырма берді.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Жасанды интеллектіні дамыту алдыңғы қатарға шықты, соған байланысты технологиясы дамыған алып елдер арасында бәсеке қыза түспек. Жаңа дәуірдің сын-қатерлері аз емес. Оны еңсеру үшін бізге тиісті стратегия керек.

Алдағы 5 жылда 1 млн адамды оқыту жоспарланып отыр. Пайдасы түсінікті. Ал, білімді пасықтыққа айналдыратындар мәселесі қалай шешіледі? Әңгіме алаяқтар жөнінде.

БОЛАТ КЕРІМБЕК, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Киберқауіпсіздік мәселесін бірлесіп шешуге болады. Мен ойлаймын әрбір нәрсенің шешімі бар. цифрландыруды қолданатын адамдар саны шектеулі. Сондықтан банк саласындағы қауіпсіздікті қолға алсақ оның шешімі табылады.

Робот адамның дегенің орындайды. Сондықтан «менің орнымды басып алады-ау» деген уайым орынсыз. Бірақ оны жіті меңгерген маман сіздің жұмысты сөзсіз тартып алады.