$521.6 €534.27 ₽5.25
×

«Сөйле» клубының үшінші маусымы басталды

03.02.2025ж. 20:00
103
«Сөйле» клубының үшінші маусымы басталды

Мемлекеттік тілді меңгеремін деушілерге керемет мүмкіндік. 12 өңірде қазақ тілін үйренуге арналған «Сөйле» клубтары осымен үшінші маусымын бастажы. Осыған дейін «Менің елім – менің тілім» жобасы бойынша 2 600-ден астам қазақ тілі сабақтары өткізілген. Оған қатысқан 5000-нан астам азамат емін-еркін сөйлей бастады. "Амаnат" партиясы Жастар рухы жастар қанатының қолдауымен ұйымдастырылған шараның болашақта ауқымы кеңейе түспек. Ал, клуб негізін қалаушылардың бірі Яков Федоровтың айтуынша, жоба бойынша тек тіл сабақтарын өткізумен шектелмейді.

ЯКОВ ФЕДОРОВ, «СӨЙЛЕ» КЛУБЫНЫҢ БРЕНД-АМБАССАДОРЫ:

Жаңа форматтар, жаңа іс-шаралар болады. Біз биыл ғана көп музейлерге, театрларға бардық. Ол да қазақ мәдениетін көрсететін нәрсе. Біздің мақсатымыз – тек тілді ғана үйрету емес, әр оқушы қазақ мәдениетін, жанын түсіну керек, менің ойымша.

КАМИЛЬ ШАРАФИЕВ, «СӨЙЛЕ» КЛУБЫНЫҢ ҚАТЫСУШЫСЫ:

Басында, әрине, әлсіз болдым сөйлеу жағынан. Осы «Сөйле» клубының арқасында сөйлеу қабілетімді жақсы дамыттым.