$521.6 €534.27 ₽5.25
×

Алматыда «Жастар Рухы» ЖҚ «Принтмедиа технологиялар» колледжімен меморандумға қол қойды

03.02.2025ж. 20:00
89
Алматыда «Жастар Рухы» ЖҚ «Принтмедиа технологиялар» колледжімен меморандумға қол қойды

Алматыда «Жастар Рухы» Жастар қанаты «Принтмедиа технологиялар» колледжімен меморандумға қол қойды. Бұл келісім «Жұмысшы мамандықтар» жылына орай рәсімделді. Оған қоса, «Жастар Рухы» Жастар қанатының ұяшығы колледж қабырғасына орнатылды. Іс-шара барысында «AMANAT» партиясы филиалының төрағасы Станислав Конкуров «Баспасөз» күніне орай баспа қызметкерлеріне алғыс хат табыстады. Басқосудан соң колледж ұжымының жұмыс орындарына экскурция жасалды.

ДИДАРБЕК ДІЛДӘБЕК ,«ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

2025 жыл бұл бізде Жұмысшы мамандықтар жылы. Енді яғни осы жердегі білім алатындар студенттер сонымен қатар қызмет атқарып жатқан баспа мамандары барлығы жұмысшы мамандар тарапына кіреді. Сондықтан бірінші кезекте осы партия басшылығы атынан жұмысшы мамандарды 2 ақпан кеше ғана өткен баспаханашылар мерекесімен құттықтап марапаттауымызды алып келіп отқан жағдайымыз бар.