Астаналық Барыс қатарынан екінші ойында ірі есеппен ұтылды. Күні кеше Амурға қарсы матчта тегеурінді қарсылық көрсете алмай, қақпасына 5 шайба өткізіп алды. Жерлестеріміз соңғы 15 кездесуде бар-жоғы 1 ақ рет жеңіске жеткен. Осылайша Шығыс конференциясының турнирлік кестесінде 28 ұпаймен соңғы орында келеді.
Футзалдан ұлттық құрамамыз Еуроға іріктеу кезеңінде ұтылып, сенсация тіркеді. Отандастарымыз күтпеген жерден Даниядан 2 де 3 есебімен жеңілді. Барлық гол ойынның екінші таймында соғылды. Негізгі құрамдағы қақпашы Игита астан уланғандықтан матчқа қатыса алмады. Айта кетейік, топтық кезеңде Қазақстан құрамасы 4 ұпаймен 2-ші орында тұр.
1 гол үшін 90 млн еуро төленді. Аль-Хиляльға 90 млн еуроға ауысқан Неймар өзінің тұңғыш клубы "Сантосқа" қайта оралды. Ол арабиялық клуб сапында небәрі 7 ойын өткізіп, 1 ғана гол соқты. Басқа уақытта жарақаттан көз ашпады. 32 жастағы футболшы енді Бразилиялық "Сантос" сапында әйгілі Пелеге тиесілі болған 10-шы нөмірмен өнер көрсетпек.
Арабиядан Криштиану Роналду да кетіп, Реалға қайта келуі мүмкін. Корольдық клуб президенті Флорентино Перес Португалиялық футболшының оралуына келісім берді. Бірақ Роналду онда доп теппейді, ұйымдық құрылымда қызмет атқарады. Алтын допты 5 мәрте жеңген 39 жастағы спортшының Әл-Насрмен келісімшарты биыл маусымда аяқталады.