Шетелдік таксистер көбейіп кетті. Расында такси шақырсаң өзге елдің азаматы жетіп келеді. Бірақ тақымында елімізде тіркелген көлік. Елімізде 4237 шетелдік заңсыз такси қызметін атқарғандығы анықталды. Олар темір тұлпарды жалға қалай алып жүр? Таксопарктер неге тексермеген? Еркелді Тілеуқұл жауаптылардан сұрады.
400-ден астам таксопаркте 4 237 шетелдік азамат заңсыз таксист болып жүргені анықталды. 156-сы елден қуылды. Жалпы, көлік тізгіндеп, нәпақа тауып жүрген шетелдіктерге қатысты шағым көп.
БЛИЦ-САУАЛНАМА:
- Жақсылап ойлансақ, қазіргі заманда қорқатындай нәрсе деп ойлаймын өзім.
- Ондай болмады. Бірақ, мен түсіндірейін десем: «Дұрыс жүрмедіңіз», - деп. Не қазақша сөйлей алмайды, не орысша сөйлей алмайды.
- Бір оқиға өз басымнан өтті. Айтпай-ақ, қояйын. Артынша, бірден шағым жаздым. Жауап та келді. Енді ол жүргізуші маған жолықпайды деп уәде берді. Бар болғаны сол ғана.
Еңбек министрлігінің мақсаты – еңбек нарығын, отандық жұмысшыларды қорғау. Ал, көп жұмыс күшін қажет ететін салалар болса, сырттан адам шақыруына рұқсат. Оны, тіпті, ешқайда бармай, үйде отырып та цифрлық платформалар алуға болады.
ЕРЛАН РАЙҒАНИЕВ, ҚР ЕХӘҚМ КӨШІ-ҚОН КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Жалпы, мынау такси болсын өзге де бизнеске қатысты басқа да жұмыс күшін тарту бойынша, әрине, олар арнайы рұқсатнама алуы керек. Ол өтінімдерін жергілікті атқөарушы органға береді. Квота шеңберінде жергілікті атқарушы орган өтініш берушінің өтінішін қанағаттандырып рұқсат береді.
Шеттен келген турист пен жұмыс істеуге ниеті бар адамның ара-жігін Ішкі Істер Министрлігінің өкілдері ажыратып берді. Полиция подполковнигі Алтынбек Масақбаевтың айтуынша, оның өз елінде сотталған-сотталмағанын анықтау керек.
АЛТЫНБЕК МАСАҚБАЕВ, ҚР ІІМ КӨШІ-ҚОН ҚЫЗМЕТІ КОМИТЕТІНІҢ АРНАЙЫ ТАПСЫРМАЛАР ЖӨНІНДЕГІ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:
Былтырғы, 2024 жылғы статистиканы алатын болсақ, 97 мыңнан аса, 98 мыңға жуық шетелдік азамат жауапкершілікке тартылды. Оның 14 мыңнан астамы сот шешімімен елімізден тысқары аумаққа шығарылды. 5 жылға дейін еліміздің аумағына кіруге тыйым салынған.
Кәсіпкерлердің шетелдіктерді не мақсатпен көп шақыратынын мамандар бірнеше оңай фактпен түсіндіреді. Оған еңбек шартын жасап, құқығын қорғаудың қажеті жоқ.