Түркістанда үш жыл бұрын пайдалануға берілген алты бірдей көпқабатты үйдің тұрғындары жылуға жарымай отыр. Арнамызға арыз айтқандардың сөзінше, жылу бар деген аты ғана. Қыста суық үйде бүрсеңдеп отырмыз, дейді жұрт.
Жылу батареяларын сылап сипағаннан қайыр жоқ. Жұрт үшінші қыс суық пәтерде бүрсеңдеп отырғандарын айтады.
САЛТАНАТ ӘЛІМБЕТОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Үш бөлмеде де обогреватель бізде. Онсыз біз ешнәрсе істей алмаймыз. Өйткені бала-шағамыз қайта-қайта ауырып қалып жатыр. Үй салқын.
АЙБЕК НЫШАНБАЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Үйге кірсеңіздер қазір екі пушка қойып қоямын, печка да мысалы. Жаурап, мына бас киіммен ұйықтаймын мен, ұяты ештеңесі керегі жоқ. Түнде жаурайсыңда, күн суық. Көршілерден мың теңгеден ақша жинап, сантехникасын ауыстырдық, бәрібір жылымайды ғой ол.
Тұрғындар сапасыз болғанына қарамастан жылуға ақы төлеп отырмыз дейді. Одан бөлек электр энергиясының шығыны да қалтаға кәдімгідей салмақ салатынын айтады.
ТАҢШОЛПАН ӘЛІМХАН, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Жылу мекемесінің адамдарына шағымданамыз, шырылдап жатамыз. 5 көрпе жамылып жатырмыз, курткамен ұйықтап жатырмыз. Шапка киіп жатамыз, балдарымыз ауырып жатыр дейміз. «Болды!» дейді да екі күннен кейін келеді, кешкі жеті онда келеді или барлығы жұмыста кезде келеді да «үйіңізді ашыңыз, бір көруге келдік» деп.
Ипотекалық бағдарламамен берілген бұл баспаналардың өзге де олқылығы аз емес. Желді күндері терезелерге дейін жел уілдеп, мазаны қашырады дейді тұрғындар. Сервистік мекеме өкілдері жылу мәселесі тұрғын үйдің өзінде дегенді көлденең тартады. Өйткені көпқабатты баспанаға қазандықтан шыққан жылу 74 градус температурамен келіп тұрған көрінеді.
ЖОЛДЫБЕК ЕРГАШОВ, ЖЫЛУ СЕРВИСТІК МЕКЕМЕ ӨКІЛІ:
Бұл жерде жылу мекемесі котелға дейін алып келеді, мына элеватор узелға дейін, әрі қарай подьезде грибенкаға дейін біз жеткізіп береміз. Ал үйдің ішінде жылып тұр батареялар ысып тұр. Үйі мұздай болса, енді оған біз жауап бермейміз ғой.
Бұл алты үйді түркиялық компания салған. Кепілдік мерзімі біткенше кем-кетігін әлі де түзейміз дейді мекеме өкілі.
ХУСЕЙН ЭФЭ, ҚҰРЫЛЫС КОМПАНИЯСЫНЫҢ ӨКІЛІ:
Барлық проектімізді, барлық сметамызды ГОС-қа сай бітіріп бердік, тапсырдық. Біткен пәтерлер саны 550 -ден асқан. Әрбір үйде 85 пәтер бар. Әрбір үйден, 550 пәтерден әрине, қате шығады ғой. Біз құлмыз ғой енді, бәрін 100 пайыз жасаймыз деп айта алмаймыз. Қате шығады.
Ал әкімдік өкілдері үш жылдан бері шешілмеген жылу мәселесін 10 күн ішінде жауапты мамандармен бірлесіп реттейміз деп уәде берді.
Газ бағасы орталықтан алыстығына қарай өскен. Қаладан 200 шақырым жердегі ауылдық елдімекендерде 107 теңгені құрады.
ӨЗГЕРІС ҚУАНАР, ТІЛШІ:
Қалтамызға тиімді болсын деп көліктерін осы отын түріне ауыстырғандар көп. Сондықтан сұйытылған газға сұраныс жоғары. Бірақ бағасын енді нарық реттемек.