$521.6 €534.27 ₽5.25
×

Қазақы ит тұқымдарының ерекшеліктерін зерттеуге мүмкіндік туады

03.02.2025ж. 20:00
87
Қазақы ит тұқымдарының ерекшеліктерін зерттеуге мүмкіндік туады

Күнтізбеге тағы бір мереке қосылды. Енді үшінші қыркүйекте Тазы мен төбет күні аталып өтіледі.

Жыл сайын дәстүрлі түрде дәрістер, семинарлар, көрмелер мен жарыстар ұйымдастырылады. Бұл шаралар ит асыраушылар мен кинологиялық ұйымдарға тәжірибе алмасуға, қазақы ит тұқымдарының ерекшеліктерін зерттеуге және оларды сақтауға мүмкіндік бермек.

ДӘРІБЕК БАХЫТБЕК, ТІЛШІ:

Ертеректе қасқыр, түлкі және қоян аулаған құмай тазылар сағатына 80 шақырым жылдамдықпен жүгірген. Ал, менің жанымдағы мынау Арлан есімді иттің де қабілеті өте жоғары. Қазір бұл небәрі 2 жаста. Аң аулауға биыл шықса да, 2 айда 10-15 аңды уысына түсіріп үлгеріпті.

Серік Аутаев бала кезден ит асырап, жанына серік еткен. Тіпті, оны баптап-бағудың қыр-сырын жетік меңгеріпті. Қазір қазақы 14 тазысы, 1 төбеті бар. Аңға жиі шығып тұрады.

СЕРІК АУТАЕВ, "ASYL QAZYNA" ҰЛТТЫҚ ТАЗЫ ИТТЕР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ БАС БАПКЕРІ:

Тазы иттердің ішіндегі ең ақылдысы деп есептеймін. Бұған жақсы қарасаң бұлда сенің еңбегінді ақтайды. Тазы адамды қауып, адамға шауып жоқ. Біздің ата бабамыз үйге рұқсат етті иіс болмайды.

Қазақы төбет пен тазыға мемлекеттік деңгейде мән беру керектігін Мемлекет басшысы да айтып жүр. Былтыр оларды сақтау және көбейтуге қатысты заңға қол қойған еді. Ал бүгін ғана тазы мен төбет күні белгіленді. Бұл мереке 3 қыркүйек күні аталып өтілмек.

БАКЫТЖАН ИСАХАЕВ , ҚР ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРЛІГІНІҢ БАС САРАПШЫСЫ:

Бұл тарихи оқиға болды. Өйткені Қазақстан осы ерекше тұқымның ресми стандартын ұстаушы ел ретінде мойындалды.

Айта кетейік, қазір елімізде 2 мыңға жуық тазы ит бар. Бұл тек есепте тұрғаны.