Жаңаөзен қаласына қарасты Қызылсай ауылында балабақшалардың бірінің тәрбиеленушілері жаппай астан уланған. Дерек бойынша 37 бала өздерін жайсыз сезінген, кейбіреуі ауруханаға жатқызылған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, дәрігерлердің көмегіне 37 бала жүгінген.
– Жедел-жәрдем қызметіне Жаңаөзен қаласына қарасты Қызылсай ауылы тұрғындарынан 31 қаңтар күні сағат 20:13 те шақыру түскен. Олар іш тұсының ауырсынуына шағымданған. Жедел-жәрдем қызметкерлері тұрғындарды тексеріп шыққан. Дәрігердің көмегіне жүгінген 37 адамның төртеуі, бір ересек пен 3 бала ауруханаға жатқызылды. Қалғандары амбулаторлық ем алуға үйлеріне жіберілді. Қазір балабақша жабық, – делінген хабарламада.