$521.6 €534.27 ₽5.25
×

Лос-Анджелесте жертөледен алып аю табылды

AstanaTV
04.02.2025ж. 06:46
50
Лос-Анджелесте жертөледен алып аю табылды

Калифорнияны шарпыған жойқын өрттен кейін үйіне оралған Лос-Анджелес тұрғыны күтпеген жағдайға тап болды – оның жертөлесіне салмағы 238 келі болатын алып аю жайғасқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Комсомольская правда» газетіне сілтеме жасап.

41 жастағы Сами Арбид үйінің жертөлесіне орнатылған бақылау камерасын тексергенде, жергілікті орманшыларға кезіккен ең ірі аюлардың бірі дәл сонда отырғанын көріп, таңғалған. Жануар өрттен қашып, қауіпсіз орын ретінде үйдің жертөлесін паналаған.

Жабайы табиғатты қорғау қызметкерлері жыртқышты үйден шығару үшін түрлі айла қолданды.

«Олар дүкеннен қуырылған тауық еті, сардина, кетчуп, алма, жержаңғақ майы және басқа да тағамдарды сатып алып, нағыз той дастарханын жасады», – деді Арбид.

Аю тәтті-дәмдіге шыдамай, жертөледен жорғалап шыққан. Мамандар оған ұйқы екпесін егіп, GPS трекерін таққаннан кейін орманға жіберді.

Жергілікті тұрғындар аюды жақсы танитын болып шықты, тіпті, оған «Виктор» деп ат қойған. Ол өртке дейін үйлердің қоқыс жәшіктерінен тамақ іздеуді әдетке айналдырған, бірақ ешқашан адамға шаппаған. Орманшылар оның Итон каньонында жүргенін бұрыннан білетін.

Аю табиғи ортасына оралғанымен, жергілікті билік оның адамдарға қайта жақындамауын бақылауда ұстамақ.