Әнші, продюсер Бағлан Әбдірайымов Әйгерім Сейфоллаға берген сұхбатында бұрын құмар ойынға қанша шығын жұмсағанын айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Бұған дейін әнші құмар ойынға тәуелді болғанын мойындаған болатын. Ол құмар ойын ойнаймын деп біраз қарызға кіріп кеткен.
"Мен құмар ойынды бір жарым жыл ойнадым. Сол бір жарым жыл ішінде күл-талқаным шықты. Мен өткенде отырып есептесем, осы уақыт аралығында 500 мың доллар (шамамен 255 миллион теңге) ақша кетіпті. Бұл бүкіл қарыз, берген дүние-мүлкімді қосқандағы сома. Мен тізіліп тұрған казиноларға кіріп, әкімшілігін шақырып, мен келесі келгенде мені кіргізбейтін етіп, тыйым салуларын сұрадым. Өйткені осы әрекетім арқылы санамды жаптым. Алматыға келіп, араласпай кеткен ортама қайтадан кіре бастадым", - деді әнші.