Сейсмикалық белсенділіктің артуына байланысты билік қауіпсіздік шараларын күшейтіп жатыр.
Грекияның Санторини аралында екі күнде 200-ден аса жер сілкінісі тіркелді.
Мектептер уақытша жабылды. Қонақ үйлерде бассейндердің ішін суға толтыруға тыйым салынған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Тұрғындар мен демалушыларға кемежайдан аулақ жүруге кеңес берілді. Санторини - Грекияның туристер арасындағы танымал орны. Жыл сайын мұнда 3 миллионнан аса адам саяхаттап келеді.