$521.6 €534.27 ₽5.25
×

АҚШ Мексика тауарларына баж салығын тоқтатты

AstanaTV
04.02.2025ж. 11:42
90
АҚШ Мексика тауарларына баж салығын тоқтатты

 Тоқтату туралы шешім бір ай бойы күшінде қалады, деп хабарлайды Kazinform ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Мексика президенті Клаудия Шейнбаум АҚШ президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлескеннен кейін Вашингтонның мексикалық тауарларға енгізген 25 пайыздық баж салығын бір айға тоқтататынын мәлімдеді. 

- Бұдан былай [АҚШ енгізген] тарифтер бір айға тоқтатылды, - деп жазды Шейнбаум X желісіндегі парақшасында. 

Шейнбаум АҚШ президенті Трамппен әңгімелесу барысында екіжақты қарым-қатынас пен Мексиканың егемендігіне үлкен құрмет көрсетілгенін айтты. 

- Мексика Мексикадан АҚШ-қа есірткі тасымалының, әсіресе фентанилдің алдын алу үшін 10 000 Ұлттық гвардия әскерімен солтүстік шекараны дереу күшейтеді, - деді Шейнбаум. 

Оның сөзінше, Америка Құрама Штаттары Мексикаға заңсыз қару-жарақ жөнелтілуіне жол бермеуге тырысады. 

- Бүгіннен бастап біздің командалар екі бағытта жұмыс істей бастайды: қауіпсіздік және сауда, - деді Мексика президенті.