$521.6 €534.27 ₽5.25
×

Сәтбаевта адамжегіш каннибалдар пайда болғаны рас па?

AstanaTV
04.02.2025ж. 10:30
91
Сәтбаевта адамжегіш каннибалдар пайда болғаны рас па?

Қаңтар айының аяғы мен ақпан айының басында қазақстандықтардың WhatsApp қосыимшасындағы чаттарында Ұлытау облысындағы Сәтбаев қаласының ықшамаудандарының бірінде адам жегіш каннибалдар пайда болды деген хабар тарады. Ақпараттың рас-өтірігі анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі factcheck.kz cайтына сілтеме жасап.

Хабарламада жартылай бөлшектелген адам денесінің фотосуреттері бар. Онда Сәтпаевта адам жейтіндердің шыққаны туралы айтылады.

Ақпарат - фейк

Адам жегіштердің пайда болғаны туралы ақпарат жалған болып шықты. Алайда адам өлтіру және мәйітті бөлшектеу фактісі тіркелгені расталды. Оқиға 2025 жылдың 30 қаңтарында Жезқазған қаласында болған. Ұлытау облысының полиция департаменті облыста ешқандай адам жегіштердің жоқ екенін айтты. Ал хабарламада тараған сурет қанды қылмысқа қатысы бар. Күдіктілер марқұмның таныстары болып шыққан. Тергеушілердің айтуынша, жанжалдың салдарынан кісі өлімі тіркеліп, кейін мәйітті қоқыс контейнеріне лақтырып құтылған.

"Ешқандай адам жегіш жоқ. 30 қаңтарда Байқоңыр көшесіндегі үйлердің бірінде туындаған жанжал салдарынан таныстар арасында кісі өлтіру оқиғасы болды. Полиция қызметкерлері Жезқазған қаласының екі тұрғынын анықтап, ұстады. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасып жатыр", - деп хабарлады Ұлытау облыстық полиция департаменті.