Бұған дейін министрлік Қызылорда-Ұлытау тас жолы 2025 жылы пайдалануға беріледі деп айтқан еді. Көлік министрі Марат Қарабаев баспасөз брифингінде осыған қатысты түсінік берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Министрдің сөзінше, бұл жоба екі кезеңге бөлінген. Біреуі – Қызылордадан Ұлытауға дейін, екіншісі – Ұлытау жағынан Қызылорда шекарасына дейін.
Қызылордадан облыс шекарасына дейін 192 шақырым ғой, соның 145 шақырым жолы толығымен аяқталды. Оған біз былтыр жылдың соңында барып, куә болдық. Ал Ұлытау бойынша біз былтыр тек бүкіл конкурстық рәсімдерді тәмамдап, мердігер компанияларды айқындадық. Олар биыл өзінің тиісті жұмыстарын бастайды. Ұлытаудың аймағы бойынша биыл және келесі жылы жұмыс істейді. Толық жұмыс 2027 жылы аяқталады, – деді көлік министрі Марат Қарабаев.