Республикалық маңызы бар барлық жолды 2027 жылға қарай 100 пайыз интернетпен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.
Бұл туралы үкімет отырысында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді, деп хабарлайды Astana TV.
Жаслан Мәдиевтің айтуынша, 2024 жылы дыбыс деңгейін өлшеу және интернетсіз учаскелерді анықтау арқылы автожолдарды зерттеу және егжей-тегжейлі талдау аяқталған.
Оның нәтижесі бойынша антенна-діңгек құрылыстарын қосымша орнату қажет 243 нүкте анықталған. 104 станса құрлысы бойынша сараптаманың оң қорытындысы алынған.