$521.67 €592.46 ₽6.32
×

Денсаулық сақтау министрлігі тегін дәрі-дәрмектер тізімін қысқартпақ

AstanaTV
04.02.2025ж. 14:12
261
Денсаулық сақтау министрлігі тегін дәрі-дәрмектер тізімін қысқартпақ

Денсаулық сақтау министрлігі тегін дәрі-дәрмектер тізімін қысқартпақ. Яғни бұған дейін ақысыз және жеңілдікпен беріліп келген капсула, жақпа, көзге тамызатын тамшылар, инъекцияға арналған ерітінділер сынды 10 шақты дәрі-дәрмек түрі ақылы болады.

Ашық «Нормативтік құқықтық актілер» порталында өлім-жітім мен өмір сүру ұзақтығына әсер етпейтін 32 нозология алынып тасталмақ.

Ал өлім-жітім мен өмір сүру ұзақтығына әсер ететін басқа созылмалы ауруы бар пациенттерді амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамту көрсеткіші ұлғаяды.

Жоба 14 ақпанға дейін ашық талқылауда болады,-деп хабарлайды Қазақстан Телеарнасы.