Атырауда егіз баласын зорлады деген күдікке ілінген азаматқа қатысты қылмыстық іс әлі тергеліп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Сұмдық дерек былтыр тіркелген. Екі жарым жастағы ұл-қызының мінез-құлқындағы өзгерісті анасы балабақшада байқаған. Балалар бір-бірінен бөлек кетпей, қолдарын мықтап ұстап алатын жағдайға жеткен. Олар тіпті айналадағының бәрінен қорқып, түсініксіз сурет сала бастаған. Егіздердің оғаш қылығын байқаған ана психологиялық сараптама жасатқан. Мамандар соған сәйкес, балалардың қиялға бейім еместігі туралы қорытынды жасады. Әрі балалар сурет салу арқылы сексуалдық сипаттағы қысым көргенін бейнелеген.
"Аталған дерек бойынша қылмыстық іс бір жылдан бері тергелуде. Тергеу барысында бірнеше сараптама берілген. Қазіргі таңда комиссиялық сот медициналық сараптама тағайындады. Нәтижесіне сәйкес, процессуалдық шешім шығарылатын болады", – деді Полиция департаментінің ресми өкілі Дана Тлек.