Жақын күндері Ақтаудағы ұшақ апатының алдын-ала себебі белгілі болады. Бұл туралы Көлік министрі Марат Қарабаев үкімет сағатынан кейін өткен брифингте айтты.
Министрдің сөзінше, зерттеу жұмыстарына шетел мамандары жұмылдырылған.
«Ресейден, Бразилиядан, Әзербайжаннан және ИКАО-дан келген мамандар апатты бірге зерттеп жатыр. Қазіргі таңда бұл жұмыстар аяқталуға жақын. Таяу күндері мамандардың алдын ала есебі министрліктің ресми сайтында жарияланады», – деді Марат Қарабаев.
Бұл туралы 24.kz хабарлайды.