$520.27 €537.65 ₽5.24
×

Ақтөбе облысында шенеунік пен депутаттар 700 млн теңгеге жуық қаражат жымқырған

AstanaTV
04.02.2025ж. 18:31
63
Ақтөбе облысында шенеунік пен депутаттар 700 млн теңгеге жуық қаражат жымқырған

Ақтөбе облысында шенеунік пен депутаттар 672 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Бұл туралы Антикор мәлімдеді. Мұғалжар ауданының құрылыс бөлімінің басшысы мен аудандық мәслихат депутаттарына қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Олар халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған көппәтерлі тұрғын үй түріндегі 70 пәтерлі жатақхананы сатып алу арқылы 672 млн теңге бюджет қаражатын жымқырды деп күдікке ілінді.

Күдіктілердің кейбірі қамауға алынса, қалғаны үй қамағында отыр.

“Тергеу аясында күдіктілердің 640 млн теңгеден астам сомаға ақшалай қаражаты мен түрлі мүлкіне тыйым салынды. Бұдан басқа 359 млн теңге сомасында материалдық залал өз еркімен ішінара өтелді”, - делінген хабарламада.