Көліктің жүргізушісі жазаланды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Жаңақала ауылының жанындағы Омбы – Майқапшағай автожолында Mitsubishi Delica автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, Lada Priora маркалы автокөлігімен соқтығысқан.
Салдарынан Mitsubishi Delica жолда аударылды. ЖКО салдарынан зардап шеккендер жоқ. Көлік құралына зақым келтіріп, жол ережесін бұзғаны үшін Mitsubishi жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Көліктер мамандандырылған тұраққа қойылды.