$520.27 €537.65 ₽5.24
×

Ақтөбеде аудандық құрылыс бөлімінің басшысы мен аудандық мәслихат депуттаттары ірі көлемде қаржы жымқырғаны үшін ұсталды

04.02.2025ж. 20:00
204
Ақтөбеде аудандық құрылыс бөлімінің басшысы мен аудандық мәслихат депуттаттары ірі көлемде қаржы жымқырғаны үшін ұсталды

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы құрылыс бөлімінің басшысы және аудандық мәслихат депутаттары ірі көлемде қаражат жымқырды деп айыпталып отыр. Олар халықтың осал тобына арналған 70 пәтерлі жатақхананы сатып алу арқылы 672 миллион теңге қаражатты қолды қылған көрінеді. Қазір бұл дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу-тексеру амалдары жүріп жатыр. Тергеу барысында күдіктілер 359 миллион теңге көлеміндегі материалдық залалды ішінара өтеген.

ДАНИЯР БИГАЙДАРОВ, ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Тергеу соты күдіктілерге қатысты қамауда ұстау және үй қамағына алу түріндегі бұлтартпау шараларына санкция берді. Тергеу аясында күдіктілердің 640 миллион теңгеден астам соммаға ақшалай қаражаты мен түрлі мүлкіне тыйым салынды.