Ал Қызылжардағы №25 орта мектепте балаларға көгерген нан берілген. Осылай деп дабыл қаққан ата-аналар асхана жұмысына наразы. Айтуларынша, оқушылардың тамақтануына жауапты мекеме өз міндетін дұрыс атқармай отыр. Дәмсіз тамақ өз алдына, аспаздар кейде бүлінген азық-түлікті қолданады, дейді олар.
Бұл дау-дамай екі айдан бері шешімін таппай келеді. Ата-аналардың айтуынша, балалар сан мәрте ұшынып, асхананың тамағынан бас тартқан.
ҰЛБОЛСЫН ЖАҚЫНОВА, АТА-АНА:
Қызым жұмыртқаны жинап алып, мусорға тастайды. Оны медик көріп, оны директорға апарады. Иісі ұнамаған ба, әлде түсі ұнамаған ба. Ол бүлінген жұмыртқаны менің қызым жеп қойғанда қызыма не болар еді деген сұрақ мазалап отыр. Асхана осы жылы бізге қалай келді, сол кезден бастап біздің балалар мүлдем тамақ жеуден бас тартты. То нан, тамақ ұнамайды, сосын балық, котлет ұнамайды косточкасымен.
МАДИНА ҚАСЕНОВА, АТА-АНА:
Қызым айтады неге картоп болады деді. Мен сұрадым: қалай қарайған картоп? Бүгін мектепте қарайған картоп берді деді. Сосын айтты бізге желтоқсан кезінде көгерген нан берді деді. Мен оның фотосын сұрадым. Иа фотосы бар деп, әлгі фотоны алып келіп маған көрсетті.
Ал асхана өкілі ас мәзірі барлық талапқа сай дейді.
БОТАГӨЗ КОПОБАЕВА, «УРОЖАЙ ПЛЮС» ШҚ ЗАҢГЕРІ:
Бізге жабылып жатқан жаланың барлығы негізсіз. Егер ата-аналарға астың сапасы ұнамаса, өздері келіп дәмін татсын. Біз бірнеше рет ұсыныс тастадық. Біз заң шеңберінде жұмыс істеп жатырмыз. Ертең сотта барлық құжаттарды ұсынуға дайынбыз.
Асханаға жауапты кәсіпорын мен мектеп арасындағы келісім-шарты өткен жылдың 31-желтоқсанында аяқталған. Алайда, олар бұл келісімді сот арқылы ұзартуды көздеп отыр. Ал ата-аналардың сансыз шағымынан шаршаған мектеп басшылығы бұл мекемеден үзілді-кесілді бас тартпақшы.
СӘУЛЕ ТҰРСЫНОВА, МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ:
Ашық конкурста бұл кісіде 4 повар және 4 аспазшы дайындығы қызметкерлері жазылған болатын. Мен тексере келе ол жерде бір-ақ повар ғана жұмыс істейтінін және оны диплом емес, сертификат бар екені анықталды. Келісім-шарттың негізгі шарттарының орындалмағаны үшін мен сотқа жүктелдім.
Ата-аналар комитеті мектеп директорымен бірлесе прокуратура мен эпидемиологиялық бақылау департаментіне шағымданған. Енді басы дауға қалған асханаға қатысты тексеру жүргізілуі мүмкін.