$503.15 €543.3 ₽5.93
×

Ақтөбеде тұрғындарға коммуналдық қызметтер үшін 90 мың теңгеге түбіртек келген

04.02.2025ж. 20:00
201
Ақтөбеде тұрғындарға коммуналдық қызметтер үшін  90 мың теңгеге түбіртек келген

Ақтөбеде мемлекеттік бағдарламамен жаңа үйге кіргендер шу шығарды. Айтуларынша, жылу мен судың құны алтынмен пара пар. Коммуналдық қызметтердің құны жаңа жылдан бастап шарықтап кетіпті. Үш бөлмелі пәтерлерге 90 мың , екі бөлмелерге 50-60 мың теңгеге түбіртек келген. Бұған не себеп? Тілшіміз анықтады.

Тұрғындар бұл үйге былтыр ғана көшіп келген. Бірақ, қуаныштары ұзаққа созылмапты. Жылу мен елу мыңнан 90 мың теңгеге дейін түбіртек келген.

ШЫНАР АҚБАЛИЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Қазіргі таңда біздің жаңағы жылу, салқын су, ыстық судың төлеміне үш бөлмеге мысалы 93 мың теңге шығып тұр. Ай сайын. Біз түсінбей жатырмыз өзіміз ше. Квадратурамен төлегеннің өзінде мұндай ақша шықпайды ғой. Екі бөлмеге 80-56 мың шығып тұр.

ПЕРИЗАТ ӘБИЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Сонда маған 47 мың теңге шығып тұр. Мен 47 мың теңгені төлеймін бе? Немесе балаларыма тамақ аламын ба иә кредитімді төлеймін бе?!

Бұл мәселе 4-ші, 5-ші екі подъездің алпыс шақты тұрғынына ғана қатысты. Сөйтсе, мердігер мекеме мұнда арнайы есептегіш құрал орнатпаған көрінеді. Сондықтан олар коммуналдық қызметтерді шаршы метр үшін төлеп келіпті.

ӘДІЛ ҚАЗАҚБАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:

Бұл мекенжай бойынша заказчик отдел строительства болып саналады. Ол жақтың мердігер мекемесі ТОО «Абай Б» деп саналады. 2023 жылы қолданысқа берілген. Яғни, мәселе үйдің счетчиктері болып тұр ғой. ТОО «Абай Б» мердігер мекемесі өз қаражатымен жасап беруі керек.

Тұрғындар енді қызмет қызмет құнын қайта есептеуді сұрайды.