Елімізде декретке шығатын ерлер көбейді. Былтыр 1200 әке бала күтіміне байланысты демалыс алған. Ал 2023 жылы 1700 бөрікті бесік тербетіп үйде отырды. Психологтар түздің емес, үйдің тірлігін тындыратын отағасылардың көбеюі қуантады десе, белсенділер «бала бағу – әйелдің ісі» деп дабыл қақты. Кімдікі дұрыс? Қамшының екі ұшында тұрған мәселені әріптестерім зерттеді. назар аударыңыз.
АРУЖАН ЗАДАБЕК, ТІЛШІ:
Бала – бақыт. Бала – байлық. Өмірдің мәні де, сәні де біздің ұрпақ. Оның саналы, тәрбиелі болып өсуі тікелей ата-ананың мойнында. Әсіресе, әке тәрбиесі аса маңызды.
СҮНДЕТ ОРАЛБЕК, ТІЛШІ:
Адамның бір қызығы бала деген, Баланы әлпештейді ана деген». Сәби үшін ананың мейірімі, жылулығы ауадай қажет. Бала ана құшағында жетіледі, өнеді. Демек, бала тәрбиесінде ананың үлесі басым.
- Асқар таудың орны ерекше екені анық. Сол үшін қазір әкелер де дектерттік демалысқа шығады.
- Әке мен бала арасындағы шексіз махаббатқа ешқандай шүбә жоқ. Бірақ декреттік демалыс дегенің артық енді...
Дүниге бала әкелу батырлық. Тар құрсақты кеңітіп, жүрегіңді жібітіп сәби сүйесің. Оны 9 ай жүрегіңнің түбінде сақтап, қызғыштай қорғау – міндетің. Ал, босанғаннан кейін бағып-қағу әйелге ғана тән іс емес. Өз басым, күйеуімнің декретте отырып, әлдиін әлдилегенін қалаймын. Мен секілді армандайтындар аз емес.
БЛИЦ-САУАЛНАМА:
- Мүмкін уақыттың талабы шығар. Еркектің үйде отырғаны әйелдің депрессияға түсіп кетпеуіне әсер етуі мүмкін.
- Көп жағдайда күйеуінің қолдағаны әйел үшін үлкен күш-қуат береді деп айта аламын.
«Бала бағу – әлімсақтан әйелдің ісі». Ер адам әйелімді қолдаймын десе де, сәбиіне анадай сүйіспеншілігін төге алмайды. Оның үстіне, түздің емес, үйдің тірлігін тындыру әке үшін жат қылық. Менің пікірімді де қолдайтындар аз емес.
БЛИЦ-САУАЛНАМА:
- Әйел адам балаға қарағаны жақсы емеспа. Еркек оған өз қажеттілігін бермейді ғой. Еркек отбасын асырап ақша тапса, әйел баланы жетілдіріп қарай береді.
- Еркек табыс табуы керек. Еркек- даланың адамы. Ол табыс табуы керек. Әйел үйде отырып, баланы асырау керек.
Психолог әйел емес еркектің үйде болуы жаңа босанған келіншектің күйзеліске түспеуіне оң әсер етеді дейді.
АНАРГҮЛ ИБРАЙЫМБЕКОВА, ПСИХОЛОГ:
Әйелге психологиялық көп көмегін тигізеді. Әйел адам декреттік демалыста отырмай, керісінше, өзінің ер азаматы декреттік демалыста отырып, әйел нәпақа табуға бел буады. Әйелде психологиялық жағынан өзіне деген сенімділік көтеріле бастайды. Одан кейін іштей басқа адамдарға керек екенін сезіне бастайды.
Декреттік демалысқа шығатын ерлердің көздегені сен ойлағандай әйелін қолдау емес. Көбі осы арқылы табысқа батуды ойлайды. Мәселен, жұмыссыз үйде отырған ананың мемлекеттен алатын жәрдемақысы, сәйкесінше, қызметтегі әйелден аз. Келіншек ақшасын арттыру үшін табысы тәуір күйеуінің атынан демалысқа шығады. Бар құпия осында.
АЙША ҚҰРМАНҒАЛИ, ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ:
Баланың тәрбиесіне, әрине, ана жауапты болу керек. Ана үнемі күтімін жасап, оған жүрегіне мейірім төгіп, өзінің құрсағынан шыққаннан кейін баланың қажеттілігін, баланың не сезетінін ана көбірек сезеді.
Жәрдемақы үшін ар пида дейтіндерді жазғыра алмаймыз. Заңға сәйкес, кімнің демалысқа шығатынын ерлі-зайыптының өзі шешіді. Сондықтан «бұл – ұят» деудің өзі артық.Заң алдында еркектің де, әйелдің де құқығы тең. Мен тек жұбайымның жағдайы үшін алаңдаймын. Адамнан адам шығу оңай емес десек, нағыз демалыс аналарға қажет.
АЛТЫНЖАН МАЯСАРОВА, ҚР ЕХӘҚМ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС САРАПШЫСЫ:
Бірінші, екінші, үшінші балаға 38 АЕК, ал төртінші және одан кейінгі балаларға 63 АЕК қамтиды. Одан кейін бала туылғаннан кейін жұмыс істемейтін аналарға республикалық бюджеттен бала күтіміне байланысты жәрдемақы қарастырылған. Ол бала 1,5 жасқа толғанға дейіне тағайындалып, төленеді. Баланың туу ретіне қарай сараланған.
Заң бойынша төленетін жөргекпұл ақысы еркектерге де беріледі. Әрі үш жылға дейін үйде отыруға, қаласа қосымша жұмыс істеуіне болады.
Ал, шетелде еркектің бала бағу тәжірибесі бұрыннан бар. Бірақ, менің ойымша, бұл ұлттық менталитетке тән емес.
АРУЖАН ЗАДАБЕК, ТІЛШІ:
Бала – ортақ. Демек, оның тәрбиесіне ана ғана емес әке де жауапты. Демек, декреттік демалысқа шығудың де еш әбестігі жоқ. Иә, ботам?
СҮНДЕТ ОРАЛБЕК, ТІЛШІ:
Әке жауапкершіліктен қашпайды. Балаға бос уақытын арнайды. Ал, жаңа нәресте үшін ананың жанында болуы маңызды.