$488.53 €531.91 ₽5.68
×

Ақтөбе облысында 4-сынып оқушысы АЭС-тың шағын макетін құрастырды

04.02.2025ж. 20:00
186
Ақтөбе облысында 4-сынып оқушысы АЭС-тың шағын макетін құрастырды

Ақтөбе облысында 10 жастағы оқушы Атом электр стансасының шағын макетін жасады. Нұрталап Бақытжанов жалпыхалықтық рефендумнан кейін станция жұмысына қызығушылығы туып, зерттей бастапты. Кейін ол үлкен ғылыми жобаға айналды. Жас өнертапқыш «100 жаңа есім-100 новых лиц» жобасына енді.

 Атом электр стансасын бүге-шүгесіне дейін зерттеп, шемішкідей шағып отырған Нұрталап Бақытжанов 4-сыныпта оқиды. Рефендум кезінде ол алғаш рет Атом электр стансасы туралы естіп, зерттей бастапты. Физика оқулығын, интернетті, Қазақстан ұлттық энциклопедиясын ақтарып, станцияның қалай жұмыс істейтінін толық зерделеп шыққан.

НҰРТАЛАП БАҚЫТЖАНОВ, 4-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ:

АЭС отын ретінде уран қолданылады. Уран нейтрондары бөлініп жылу пайда болады. Сол жылу мен суды 322 градусқа дейін қыздырып, қызған су екінші контурға барып 274 градусқа дейін төмендейді. Судың градусы бу пайда болуына әсер етеді. Бу турбинасын айналдырады. Генератор айналып тоқ береді.

Нұрталаптың жасаған макет суды қайнатып, 2-2,5 атмосфералық қысымда бу энергиясын өндіреді. Ол турбина арқылы механикалық энергияға айналып, электр қуатын береді. Оқушы ғылыми жетекшісімен бірге макетті 3-4 күнде құрыстырған. Ал жобаны зерттеуге бес ай уақыт кеткен.

БАҚЫТЖАН КІШКЕНЕБАЙ, ҒЫЛЫМИ ЖЕТЕКШІСІ:

Макет атауын «Бейбіт атом» деп қойдық. Болашақта тек ғана электр энергиясы саласында емес, медицина, нанотехнология, ғарыштық технологияда атом қолданылатын болады және қолдану керекпіз.

Ғылыми жетекшісі -Нұрталаптың әкесі. Бұл әулеттің атасы да өңірге белгілі физик болған. Сондықтан бала жастайынан физикаға әуестеніп, екінші сыныбынан бастап түрлі туындыларымен ғылыми жобаларға қатысып, топ жарып жүр.

АСЫЛБЕК АЙТБАЕВ, ӘЛІМБЕТ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Өте қабілеттіжәне дарынды балалардың оқушылардың бірі. Ол көптеген «Зерде» зерттеулік жобаларына қатысты. Облыстық бірінші кезеңде жүлделі орын, тағы екінші кезеңде жобаға қатысты. Бірінші, екінші жобасы Берілістер.

Кішкентай өнертапқыш Нұрталаптың талабы таудай. Жас физик болашақта қоғамға, қоршаған ортаға еш зияны жоқ автокөлік ойлап шығарғысы келеді.