$520.27 €537.65 ₽5.24
×

Таразда бір жылда 5 мың жас белсенді бірігіп, «Таза Қазақстан» акциясына атсалысқан

04.02.2025ж. 20:00
78
Таразда бір жылда 5 мың жас белсенді бірігіп, «Таза Қазақстан» акциясына атсалысқан

Таразда бір жылда 5 мың жас белсенді бірігіп, «Таза Қазақстан» акциясына атсалысқан. Жыл бойы экошараға қатысқандар қаладағы саябақ-скверлерді қоқыстан тазартып, шаһардың шырайын келтіруге үлес қосқан. Бүгін эколог мамандар сол белсенді жастармен бас қосып, көктемгі маусымдағы дала жұмыстарының жоспарын құрды. Күн жылып, қар ерісе тазалық шаралары жанданады. «Таза өлке» акциясы аясында эко-волонтерлер бітелген каналдар мен арық жүйелерін тұрмыстық қалдықтан тазартпақ. Бұл жолы экологиялық шараға Жасыл-ел еңбек жасақтары да жұмылдырылмақ.

АБЗАЛ ЕСІРКЕПОВ, ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Жастарымыздың ынтасы өте жақсы дегіміз келеді. Өйткені эковолонтерларымыздың дәл қазіргі уақытта еуропа елдерінде олардың алатын орны ерекше. Дәл қазіргі уақытта біздегі осы жұмыс істеп жатқан жастарымызға түсіндірме жұмыстарын жүргізген кезде де олардың саны күннен күнге артып келе жатыр. Бүгінгі таңда жалпы осы екі айдың ішінде 100-ге жуық волонтерларымыз тіркелді.