$520.27 €537.65 ₽5.24
×

"Заңсыз ойынға қатысты бұғатталған сайттар жарты сағаттан соң қайта ашылып жатыр" - Ә. Тұрғанбаев

"Заңсыз ойынға қатысты бұғатталған сайттар жарты сағаттан соң қайта ашылып жатыр" -  Ә. Тұрғанбаев

Елімізде 3 млн-нан аса адам құмар ойыннан шеттетілді. Қазір бәс түгуден саналы түрде бас тартқандардың саны 3 мыңнан 188 мыңға дейін өскен. Бұл туралы «AMANAT» партиясы жанындағы Жастарды қолдау кеңесінде айтылды. Туризм және спорт министрлігінің өкілдері букмекерлік кеңселермен бірге қарызы бар 15 мыңға жуық адамның аккаунтына шектеу қойған. Сондай-ақ заңсыз ойын бизнесіне қатысты 22 мыңға жуық сайт бұғатталды.

ӘДІЛЕТ ТҰРҒАНБАЕВ, ҚР ТУРИЗМ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ ТУРИЗМ ИНДУСТРИЯСЫ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Біз бұларды бұғаттаймыз, олар жарты сағаттан кейін зеркалаларды ашып алады. Бір-екі әріпін өзгертеді де қайтадан ашып алады. Бұл адам емес, автоматты түрде бұларды жасанды интеллект ашып жатады. Өте дамыған, шынын айту керек, біздің қарсыластарымыз технологиялық тұрғыдан қатты дамып кеткен. Ресми түрде өзіміз тапқан 17 заңды тұлға бар. Бәрі шетелден.

Осы уақытқа дейін кейбір өңірлер ойынға шақыратын жарнама болған жоқ деп ақпарат берген. Алайда бұл ақылға сыймайды, дейді кеңес төрағасы.

НАРТАЙ СӘРСЕНҒАЛИЕВ,  ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАУ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Алматы мен Шымкент қаласының, Алматы облысы, Маңғыстау облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Павлодар облысы әкімдіктері бүгінге дейін уәкілетті органға, яғни Туризм және спорт министрлігіне аймақта қанша құмар ойынға шақыратын жарнаманың болғанын, қанша демонтаждалғанын, қаншасының көзі жойылғаны туралы ақпаратты мүлдем бермей отыр.