$520.27 €537.65 ₽5.24
×

«Қазгидромет» қызметі бәсекелес ортаға берілуі мүмкін

04.02.2025ж. 20:00
85
«Қазгидромет» қызметі бәсекелес ортаға берілуі мүмкін

«Қазгидрометтің» кейбір қызмет түрлері бәсекелес ортаға берілуі мүмкін. Бұл туралы Мәжіліс депутаттары экология мәселелері жөніндегі заң жобасын таныстыру барысында айтты. Бастама республикалық бюджетке түсетін жүктемені азайтуға мүмкіндік бермек. Сондай-ақ Экологиялық кодекске көміртекті реттеу саласын жетілдіруге бағытталған түзетулер енгізіледі. Қазақстан 2030 жылға қарай көмірқышқыл газының шығарындыларын 1990 жылғы деңгейден 15% - ке азайту жөнінде міндеттеме алған. Бүгінде бұл көрсеткіш 10% - ке қысқарды.

ЕРБОЛАТ САТЫБАЛДИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Жылына мың тоннадан артық ауаға залал келтіретін компаниялар мемлекеттік заңнамаға байланысты І категория болу керек. Ал бұл компаниялар қазір бізде ІІ категорияда. Сондықтан соларды І категорияға қарастыру жолдары да осы заңда негізгі өзгерістердің бірі.