$520.27 €537.65 ₽5.24
×

Ұлттық Банк жаңа алаяқтық схема туралы ескертті

AstanaTV
05.02.2025ж. 00:38
52
Ұлттық Банк жаңа алаяқтық схема туралы ескертті

Қазақстан Ұлттық Банкі құнды заттарды инкассациялау қызметімен байланысты алаяқтықтың жаңа схемасы жайлы ескертті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстан Ұлттық Банкі құнды заттарды инкассациялау қызметін ұсынатын компаниялардың түрлі интернет-ресурстарда жарияланатын хабарламаларына сақ болу керек екенін ескертеді. Себебі олардың арасында тиісті ҚҰБ лицензиясы жоқ компаниялар да кезігіп жатады.

"Атап айтқанда, өзге ұйымға берілген ҚҰБ лицензиясының реквизиттерін заңсыз пайдаланып жүргендер бар. Сондай деректің бірі өзін "Brinks" Инкассация қызметі" ЖШС деп атайтын ұйым сайтында (оны шетелдік The Brink's Company инкассаторлық компаниясымен шатастыруға болмайды) орналастырылған. Сол арқылы бұл компания өз қызметінің заңды екенін көрсетуге тырысқан", - делінген хабарламада.

Осындай ұйымдармен шарт жасасып, оларға құнды заттарды инкассацияға беру – тәуекелі жоғары іс.

ҚҰБ азаматтар мен заңды тұлғаларды сақ болуға және инкассация бойынша қызметтерді жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдардың қызметін пайдалануға шақырады.

Белгілі бір ұйымда лицензияның бар-жоғын тексеру үшін ҚҰБ сайтында орналастырылған тиісті лицензиясы бар ұйымдардың ресми тізілімімен танысу қажет.