$520.27 €537.65 ₽5.24
×

Өгей әкесі 7 жасар баланы ұрып өлтіріп, денесін өзенге лақтырған

AstanaTV
05.02.2025ж. 07:33
45
Өгей әкесі 7 жасар баланы ұрып өлтіріп, денесін өзенге лақтырған

Калининград облысында жеті жасар баланың өліміне қатысты тергеу жүріп жатыр. Бала 3 ақпан күні із-түзсіз жоғалғаннан кейін оның анасы полицияға жүгінген. Бірақ кейінірек баланың мәйіті Черняховск қаласындағы су қоймасынан табылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Күдікті ретінде баланың өгей әкесі ұсталды, ал анасы қылмысты жасыру әрекеті үшін жауапқа тартылмақ.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, бала 1 ақпан күні кешке ата-анасымен жанжалдан кейін үйден шығып кетіп, қайта оралмаған. Жергілікті полиция, кинологтар және еріктілер бір тәулік бойы іздестіру жұмыстарын жүргізді. Баланың денесі қоқыс қапшығына салынған күйі су қоймасынан табылды.

РИА новости хабарлағандай, тергеу барысында 42 жастағы өгей әкесінің сол күні кешке әйелінің жоқтығын пайдаланып, баланы аяусыз соққыға жыққаны анықталды. Ертеңінде баланың қайтыс болғанын көрген өгей әкесі әйеліне баланың жоғалып кеткенін хабарлау керегін айтып, полицияға өтініш түсіруге көндірген. Ол содан кейін баланың денесін Черняховск қаласындағы батпақты жерге апарып, ізін жасыруға тырысқан.

Алғашында анасы күдікті ретінде қарастырылмағанымен, кейінірек оның қылмыстан хабардар болғаны анықталды. Тергеу комитеті анаға қатысты РФ Қылмыстық кодексінің 316-бабы (қылмысты жасыру) бойынша құқықтық баға беретінін мәлімдеді.