Орал стансасында пойыз ер адамды қағып кетіп, ол оқиға орнында көз жұмды. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталуда, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, бұл оқиға бойынша "Теміржол көлігін пайдалану қауіпсіздігі ережелерін бұзу" бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Айыпты тұлға анықталған жағдайда, ол жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды.